Date of publication: 26.02.2020 20:15
Date of changing: 27.02.2020 14:42

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ташмағамбетов Т. Ж. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бірқатар іс-шаралар өткізді

2020 жылдың 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Жұмабекұлы Ташмағамбетов Алматы облысы бойынша іс-сапар барысында Алматы облысы  Мемлекеттік кірістер Департаментіне келіп, бірқатар іс-шаралар өткізді.

Келісімен ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмағамбетов Алматы облысы бойынша МКД басшысы Т. К. Сарсембаев, Алматы облысы МКД Әдеп жөніндегі уәкілі - басшының орынбасары А. Т. Сауданбековпен кездесу өткізді.

Департаменттің конференц-залында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Ж. Ташмағамбетов Департаменттің басшы құрамымен кездесті. Кездесуге облыс департаментінің басшысы Т. К. Сарсембаев, департамент басшысының орынбасарлары А. Т. Сауданбеков, Д. Н. Мәулетов, С. А. Дынбаев, Департаменттің мамандандырылғын басқармаларының басшылары және аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының басшылары қатысты. Кездесу барысында ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде Әдеп кодексінің ережелерін түсіндірді.

Осы күні Департамент қызметкерлері үшін Т.Ж.Ташмағамбетов Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Этикалық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру бойынша дәріс өткізді, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақытта әдепті және мінез-құлық ережелерін сақтау бойынша ұсыныстар берді.

ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкілі Т.Ж.Ташмағамбетов, сондай-ақ Департамент қызметкерлерін қабылдады, осы қабылдау барысында қызметкерлер өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шаралардың соңында Департаменттің жас мамандарымен кездесу өтті.

ҚР ҚМ Әдеп жөніндегі уәкіл Т. Ж. Ташмағамбетов Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын атап өтті.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыс басқармасы