
Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлар туралы өзара ақпарат алмасу
Бүгінгі күні Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының бірлескен ынтымақтастығы негізінде, екі ел шекарасы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты сыртқы экономикалық қатысушы атауы, тасымалданатын тауар атауы мен саны, салмағы, құны мәлімделетін ақпарат алмасу жүзеге асуда.
Қытай Халық Республикасымен ақпарат алмасу кедендік бақалаудың тиімділін арттырады,шекара арқылы көлік құралының өтуін жылдамдатады, тауарларды нақты ресімдей отырып, жемқорлық тәуекелін азайтады, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай Халық Республикасының кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан жалтарумен әлеуетті қауіпті, тыйым салынған және шектелген тауарларды әкелуге байланысты тәуекелдерді төмендетеді. Күнделікті мамандармен екі елдің тауарларға арналған декларациялары бойынша ҚХР экспорты мәліметтерінің ҚР-ға импортпен салыстыру жүргізіп отырады.
СЭҚ қатысушыларға кедендік заңнаманы бұзудың алдын алу мақсатында, тасымалданатын тауарды уақытылы және толық көлемде, сәйкес мөлшердегі кедендік салықтар мен төлемдерді төлей отырып ресімдеу қажет.
Алматы облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы басқармасы