
Уәкілетті экономикалық оператор
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор (бұдан ары-УЭО) болып табылады.
Заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген кезде уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік беріледі.
Заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу және оны осындай тізілімнен алып тастау тәртібі, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және қайта бастау тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» кодексінің 63-тарауында белгіленеді.
Уәкілетті орган Комиссия айқындайтын нысан бойынша уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімін жүргізеді, оны уәкілетті органның интернет ресурсында орналастырады және оны айына бір реттен сиретпей жаңартуды қамтамасыз етеді. Одан кейін, уәкілетті экономикалық операторлардың тізілімінің негізінде, Комиссия уәкілетті экономикалық операторлардың жалпы тізілімін қалыптастырады, оны Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында орналастырады және оны айына бір реттен сиретпей жаңартуды қамтамасыз етеді.
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік күшіне енген күннен бастап уәкілетті экономикалық оператор тәуекел деңгейі төмен санатқа жатады.
Куәлік заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін күшіне енеді және оның қолданылу мерзімі шектелмейді.
Уәкілетті экономикалық оператор куәлік күшіне енген күннен бастап осы Кодекстің 536-бабында көзделген арнаулы оңайлатуларды пайдалануға құқылы.
Уәкілетті орган заңды тұлға уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, осындай тұлғаға және аумақтық кеден органдарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің кеден органдарына заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу күні және куәліктің күшіне ену күні туралы ақпаратты жеткізеді.
Уәкілетті орган заңды тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы ақпаратты осындай тұлғаға тиісті шешім қабылданған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша немесе электрондық нысанда жеткізеді.
Тізілімге енгізудің шарттары мен тәртібі Кодекстің 532 және 533-баптарымен регламенттелген.
Алматы облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы басқармасы