
Бірлескен рейд нәтижелері
2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында Алматы облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы облысының полиция департаментінің, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлері көлік құралдарына салынатын салық бойынша қарызды өтеу, төленбеген әкімшілік айыппұлдар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша өндіріп алу деңгейін арттыру мақсатында "Борышкер" республикалық акциясы аясында рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Іс-шараның мақсаты - көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешектер туралы азаматтарға жеткізу, тұрғындарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы ақпараттандыру.
Жұмыс істеу барысында ең тиімді шаралардың бірі – қарыз толық өтелгенге дейін борышкердің автокөлік құралын пайдалануды шектеу (айыппұл тұрағына арналған үй-жай) қолданылады.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде бес аумақтық МКБ жолдарында 4 933,8 мың теңге сомасына 85 жеке тұлғадан көлік құралдарына салық бойынша берешек өндіріп алынды, сондай-ақ 12 көлік құралы мамандандырылған ақылы тұрақтарға қойылды.
Оның ішінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының бөлінісінде: Іле ауданы 52 жеке тұлға бойынша 3456,5 мың теңге; Талғар ауданы 3 182,4 мың теңге; Көксу ауданы 14 400,3 мың теңге; Ескелді ауданы 3 153,5 мың теңге және Талдықорған қаласы бойынша 13 741,1 мың теңге өндірілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды, бұл жеке сот орындаушыларының қосымша шығындарын төлеуден үнемдеуге мүмкіндік береді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ескертеді, 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталды.
Жеке тұлғалардың салықтар бойынша берешектері бойынша барлық сұрақтар бойынша Алматы облысының тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе облыстық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасына телефон арқылы хабарласа алады 8 /728-2/- 60-11-97, 8-/728-2/-60-11-46.
Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтынан немесе https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web сілтеме арқылы білуге болатынын еске саламыз.
Көлік құралдарына салынатын салық бойынша берешекті өтеуіңізді сұраймыз.
Алматы облысы бойынша МКД
Түсіндіру жұмысы басқармасы