Date of publication: 18.02.2020 14:47
Date of changing: 18.02.2020 14:49
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Айдын Тұрғанбекұлы Сауданбеков Талғар ауданы әкімдігінде Алматы облысының жергілікті бюджетіне түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасаудың 2020 жылға арналған жоспарын жүзеге асыру бойынша жиналыс өткізді. Жиналысқа Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Болат Темірханұлы Сатпаев, Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Едгар Лесханұлы Лесханов, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Қайдар Алиханұлы Абдыханов, Талғар ауданы ауылдық округтерінің әкімдері және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.