
Көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім
Салық кодексінің 347-бабына сәйкес көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім мынадай тәртіптердің бірімен:
1) әрбір ай үшін ең төмен жалақының 2 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасы ата-анасының біріне;
2) әрбір ай үшін ең төмен жалақының 1 еселенген мөлшерінде көп балалы отбасының әрбір ата-анасына күнтізбелік жыл үшін айқындалған ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде жиынтығында екі ата-анаға қолданылады.
Шегерім қолданылатын күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына жеке тұлғаның кәмелетке толмаған төрт және одан көп баласы болған жағдайда көп балалы отбасы үшін салықтық шегерім қолданылады, ол осындай балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерімен расталады.
Алайда, осы салық шегерімін қолдану 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылды.
Салық кодексінің "Жеке табыс салығы" 8-бөлімінің қолданылуы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрғандықтан, тоқтата тұру кезеңінде осы бөлім "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 25.12.17 ж. № 121-VI Заңының 33-бабының редакциясында қолданылады.