Date of publication: 07.02.2020 12:24
Date of changing: 07.02.2020 12:25

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің - СЭҚ қатысушыларының назарына

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 10 қазандағы № 368 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 10 қазандағы № 1118 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 19922 болып тіркелген, 2020 жылғы 10 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілген, 2020 жылғы 23 қаңтарда № 57 бірлескен бұйрығы туралы СЭҚ қатысушыларына хабарлайды.
Осыған байланысты, 2020 жылғы 22 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан мыналарды:
- Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі бірыңғай тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) коды – 0102, тірі ірі қара малды;
- ЕАЭО СЭҚ ТН коды – 0104, тірі қойлар мен ешкілерді
әкетуге жол бермеу бойынша тыйым салынады.