Date of publication: 07.02.2020 12:12
Date of changing: 07.02.2020 12:13

Алматы облысында шетелдік нөмірлері бар алғашқы автокөлік иелері анықталды

2020 жылдың 5 ақпанында сағат 16.40-та Еңбекшіқазақ ауданының ХҚКО-да Ізбасов Бауыржан Қазақстанға Ресей Федерациясынан әкелінген екі көлік құралын тіркеді.
Сонымен қатар, 2020 жылдың 5 ақпанында сағат 18.30-да Қапшағай қаласының ХҚКО-да Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын, автокөлік иелері 1984 жылы туған Жұмағалиев Е. екі автокөлік, 1987 жылы туған Сдықов А. бір автокөлік құралын тіркеді.
Алматы облысында бұл құқықты бірінші болып Ізбасов Бауыржан пайдаланды. Ол өзінің "Toyota Camry"маркалы екі автокөлігін тіркеді.
"Бүгін Еңбекшіқазақ ауданының ХҚКО-на Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралын уақытша тіркеу үшін келдім. Қазақстанға уақытша есепке қойдым. Осы жыл ішінде кәдеге жарату алымын төлеуге және біздің елімізде автокөлікті түпкілікті тіркеуге тырысамын. Барлығы тез әрі анық болды. Барлығы жарты сағат ішінде жасалды. Үлкен рахмет!"- деді Ізбасов Бауыржан.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Алматы облысының барлық ХҚКО-ларында шетел нөмірлерімен автокөліктерді тіркеу мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізіледі, Мемлекеттік кірістер департаменті мен полиция департаментінің аумақтық басқармаларының мамандары кеңес береді.

Алматы облысы бойынша МКД