
Кедендік тексеру
Кедендік тексеру «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексте (бұдан әрі - Кодекс) белгіленген кедендік бақылаудың өзге нысандарын және Кодексте көзделген кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шараларды қолдана отырып, тауарлар шығарылғаннан кейін тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында кеден органы жүргізетін кедендік бақылау нысаны болып табылады.
Кедендік тексеру кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдарына ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасына сәйкес кеден органына ұсынылған немесе ол алған өзге мәліметтерді бухгалтерлік есеп пен есептілік құжаттарымен және (немесе) деректерімен, шоттармен және Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған өзге де ақпаратпен салыстыруды білдіреді.
Кедендік тексеруді кеден органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
Кеден органдары кедендік тексеруді жүргізу кезінде:
- тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру фактісін;
- кедендік декларацияда мәлімделген және (немесе) кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардағы мәліметтердің анықтығын;
- шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;
- кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың кеден ісі саласындағы қызметтің әрбір түрі үшін Кодексте көзделген міндеттерді орындауын;
- уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілуге үміткер заңды тұлғаның осындай тізілімге енгізу шарттарын сақтауын, сондай-ақ уәкілетті экономикалық оператордың уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу шарттарын сақтауын және Кодексте көзделген өзге міндеттерді орындауын;
- Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес тауарларды пайдалану шарттарының сақталуын;
- Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында белгіленген өзге талаптардың сақталуын тексеруі мүмкін.
Алматы облысы бойынша МКД
түсіндіру жұмысы басқармасы
области