Date of publication: 31.01.2020 09:43
Date of changing: 31.01.2020 09:44

Департаментте мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі өзгерістері бойынша кеңес өтті

2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы М.С. Бекқұловтың қатысуымен мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген негізгі өзгертулер бойынша жиын өтті.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңға және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға енгізілетін негізгі өзгерістер» тақырыбында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы М.С. Бекқұлов баяндама жасады. Ол заңнамаға енгізілген негізгі өзгертулерге тоқталды.
Өзгерістер басшылардың жауапкершілігінің негізгі мәселелеріне қатысты, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға енгізілген жаңалықтар және қол астындағылар арасында сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту туралы мәселелер талқыланды.