Date of publication: 30.01.2020 17:26
Date of changing: 30.01.2020 17:27

Алматы облысы бойынша МКД-де салық заңнамасының өзгерістері бойынша семинар өтті

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті 2020 жылдың 29 қаңтарында салық төлеушілермен "01.01.2020 жылдан бастап ҚР Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер туралы" тақырыбында Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Алматы облысы бойынша МКД өкілдері түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы А. Т. Байқаш,бас маман Ж. А. Уксукбаев, заң басқармасының басшысы М. М. Өмірзақов баяндама жасап, салық төлеушілерді салық және әкімшілік заңнамалардың өзгерістерімен таныстырды.