
Алматы облысы бойынша МКД-де «Ашық есік күні» өтті
Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты 01.01.2020 жылдан бастап енгізілген негізгі өзгерістерді түсіндіру мақсатында 29.01.2020 жылы 9.00-ден 18.30-ға дейін Алматы облысындағы Мемлекеттік Департаментінің ғимаратында Ашық есік күні өтті.
Салық төлеушілерге негізінен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша ставкалар мен жарналар, корпоративті табыс салығы, ҚҚС, босатуға жататын санаттар, тексеруге мораторий туралы сұрақтар қойылды.
Департаменттің тәжірибелі мамандары сұрақтарға жауап беріп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.