
2016 жылдың наурыз айының 30 жұлдызында Алматы облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің бастамасымен бастамасымен облысымыздың бизнес – ассоциациясы, мемлекеттік органдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Экономикалық тергеу қызметінің басты бағыттары. Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласындағы көлеңкелі экономика ерекшеліктері және авторлық сабақтас құқықтары саласында қарсы тұру»» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты Департамент пен жеке кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекет етуді нығайту, мемлекеттік органдарының бизнес қызметіне заңсыз араласушылығына байланысты өзекті мәселелерді талқылау, оларды шешу жолдарын бірігіп құру.
Кездесу кезінде, Департаменттің бөлім басшылары және тергеушілер кәсіпкерлерге Экономикалық тергеу қызметімен қолданылған шаралар жайында мәліметтер жеткізілді.
Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында Алматы облысы аумағында 25 қылмыс тіркелді, жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында 46 ойын автоматтары және 11 терминал тәркіленді. Сонымен қатар, авторлық және сабақтас құқықтар саласында 12 қылмыс анықталған болатын.
Сонымен қатар, Департаментпен профилактикалық сипатта – мемлекеттік органдар мен мекемелерді қылмысты жасауға себеп болатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынамдар жолданатындығы туралы ақпарат жеткізілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті аталған бағыттар бойынша жұмысты терең әрі ауқымды түрде жүргізбек, сондықтан кәсіпкерлермен жүргізілетін диалогтің мәні айрықша.
Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы