Date of publication: 29.01.2020 10:50
Date of changing: 29.01.2020 10:51

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қаңтардағы № 1-ПГВр «Қазақстан Республикасы аумағында этиологиясы белгісіз пневмонияның әкелінуі мен оның таралуының алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту туралы» қаулысы.

Ухань провинциясындағы этиологиясы анықталмаған пневмония ауруы бойынша эпидемиялық жағдайды асқындырмау және Қазақстан Республикасына келуін алдын алу мақсатында Алматы облысы бойынша МКД-тің Нұр Жолы, Қалжат, Алтынкөл, Достық кеденінің Теміржол және Алакөл бекеттері мен "Қорғас" ШЫХО кеден бекеттерінде жылдың басынан бастап санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген.
Өткізу пунктінде термометрия жасау үшін денеге тигізбейтін стационарлық тепловизорлар істеп тұр, мемлекеттік шекарадан өтетін науқастарды анықтау мақсатында жеке азаматтар тексеруден өтеді, ауру жұқтуруға жол бермеу үшін туристтік топтармен профилактикалық әңгіме жүргізіледі, ҚХР –нан келетін азаматтармен тікелей қатынасатын мемлекеттік бақылау органдарының қызметкерлері нұсқау алды, олардың барлығы санитарлық маскалармен қамтамасыз етілді.