
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына - Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратпен өзара алмасу бойынша
ҚР ҚМ МКК 08.01.2020 жылғы ҚХР алдын ала ақпараты бойынша салыстыру жүргізу туралы нұсқауына сәйкес, департамент басшысының 10.01.2020 жылғы бұйрығымен департаменттің және кеден бекеттерінің қызметкерлері қатарынан ҚХР мен ҚР алдын ала ақпаратының деректерін салыстыру бойынша жұмыс тобы құрылды. Салыстыру ҚХР ұсынған алдын ала ақпараттан алынған мәліметтерді ҚР СЭҚ қатысушысы берген кедендік декларацияның деректерімен салыстыру бойынша Комитет жеткізген Әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Осы алдын ала ақпаратпен өзара алмасу кедендік бақылаудың тиімділігін арттыруды, көлік құралдарының Қазақстан-Қытай шекарасы арқылы жедел өтуін, декларациялаудың дұрыстығын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуды көздейді.
Мысалы, осы уақытқа дейін ҚР СЭҚ қатысушылары ҚР кеден органдарына тауарларды декларациялау кезінде ҚХР-ның экспорттық декларацияларын сыртқы экономикалық қызметтің теріс пиғылды қатысушылары қолдан жасауы ықтималдығы болды. Бұл ретте кеден бекеттерінің лауазымды адамдарының ҚХР экспорттық декларациясының QR-кодын сканерлеуі бұл құжаттың түпнұсқасын әрдайым көрсетеді. Тек ҚХР-ның алдын ала ақпаратын алғаннан кейін ғана салыстыру кезінде ҚХР-ның жалған экспорттық декларациясы анықтала бастады.
ҚХР экспорттық декларациясымен ТД-да көрсетілген анық емес мәліметтерді мәлімдеу мынадай салдарға әкеп соғады: қаржылық шығыстар; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың ең жоғары тәуекел санатына жатқызу; сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, кедендік тасымалдаушылардың және т. б. тиісті тізілімдерінен алып тастау.
Бұл ретте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін ҚХР экспорттық декларациясымен ТД көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы кезінде кедендік тексеріп қарауды жүргізуді болдырмайтын жасыл дәліз бойынша тауарлардың өтуі айқын басымдық болып табылады.
Салыстыру нәтижелері бойынша 2020 жылғы 19 қаңтарға дейін ҚХР-ның Алматы облысы бойынша МКД кедендік бекеттері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпаратының жалпы саны ҚХР-ның 3 219 экспорттық декларациясын құрайтыны анықталды, олар бойынша қосымша есептеу сомасы 13,7 млн.теңгені құрады.
Департамент қазіргі уақытта ҚХР алдын ала ақпаратын барынша салыстыру бойынша жұмысты жалғаструда.
ҚХР алдын ала ақпаратын салыстыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер мен ұсыныстарды Департамент ҚР ҚМ МКК-ға жедел жібереді. Сондай-ақ өзара іс-қимылдың жеделдігі мақсатында "Телеграмм-чат" мобильдік қосымшасы жұмыс істейді, онда туындаған мәселелер дереу жұмыс тәртібімен шешіледі.
ТД-ны дұрыс толтыру жолымен дұрыс декларациялауды қамтамасыз ету қажеттігі туралы Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды хабардар етуді Комитет салық төлеушілер кабинеті арқылы жүзеге асырады.