
Департаментте кеден бекеттері мен "Достық" кедені басшыларының қатысуымен жиын өтті
2020 жылдың 17 қаңтарында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеден бекеттері мен "Достық" кедені басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Жиынды Алматы облысы бойынша МКД басшысы Т.К.Сәрсембаев ашты.
Кеңесте 2019 жылға ТПН жоспарын орындау, 2019 жылға арналған нысаналы тапсырманы орындау, кеден бекеттерінің қызметін талдау, кедендік әкімшілендіру нәтижелері, тарифтік реттеу, кедендік заңнама талаптарын сақтау мәселелері, сондай-ақ 2020 жылға арналған міндеттер қаралды. Сондай-ақ кеден бекеттері мен "Достық" кедені басшыларының есептері тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша кеден бекеттері мен "Достық" кедені жұмысының көрсеткіштерін жақсарту, кедендік әкімшілендіруді күшейту, сонымен қатар, 2020 жылға қойылған міндеттерді орындау бойынша нақты тапсырмалар берілді.