Date of publication: 17.01.2020 18:40
Date of changing: 17.01.2020 18:41

Салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша «Салықтар 2020» атты Республикалық науқан өтті

 

         2020 жылдың 17 қаңтарында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті Талдықорған қаласы, Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) Салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша республикалық науқан өткізді.

         Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізіледі.

         Акцияның ашылу сәтінде Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д. Н. Мәулетов кіріспе сөз сөйледі.

         Алматы облысы бойынша МКД өкілдері түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы А. Т. Байқаш, бас маман Ж. А. Уксукбаев акция барысында ҚР Салық кодексіне енгізілген негізгі өзгерістерді баяндады.

         Талдықорған қаласы мен Алматы облысының тұрғындары диалог түрінде сұрақтар қойып, департамент мамандарынан жауап ала алды.

         Акция «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде өткізілді.  «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады»- Қ.Тоқаев.

2020 жылғы 1 қаңтарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.

Салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.

 Патент бойынша.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдан бастап жүзеге асыру кезінде патентті қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі заңды түрде шектелді, оның ішінде сауда алынып тасталды.

Қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне барлығы 32 қызмет түрі кіреді (мүлікті жалға беру; білім беру, аударма қызметтері; фотография қызметтері; шаштараз қызметтері, такси қызметтері және т.б.).

Бірыңғай жер салығы.

2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады.  Табыстың ставкасы  0,5% құрайды.

Микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден босату бойынша

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заннына жана 57-4 бабы еңгізілді.

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы
1 қаңтарға дейінгі кезеңде  арнаулы салық режимдерін қолданатын және микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын тұлғалар, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер, төленуге жататын:

1) Салық кодекстің 686, 687, 695, 700-баптарына сәйкес есептелген корпоративтік (жеке) табыс салығының сомасын (төлем көзінен ұсталатыннан басқа);

2) Салық кодекстің 687-бабына сәйкес есептелген әлеуметтік салық сомасын;

3) Салық кодекстің 704-бабына сәйкес есептелген бірыңғай жер салығының сомасын 100 пайызға азайтады деп белгіленсін.

Осы баптың мақсаттарында Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген шарттарға сай келетін салық төлеушілер шағын кәсіпкерлік субъектілері (микрокәсіпкерлік субъектілері) деп танылады.

Осы баптың жоғарыда көрсетілген ережелері келесі салық төлеушілерге қолданылмайды:

1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымымен байланысты қызметті;

2) акцизделетін өнімді өндіруді және (немесе) көтерме саудада өткізуді;

3) астық қабылдау пункттерінде астық сақтау жөніндегі қызметті;

4) лотерея өткізуді;

5) ойын бизнесі саласындағы қызметті;

6) радиоактивті материалдар айналымымен байланысты қызметті;

7) банк қызметін (не банк операцияларының жекелеген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);

8) аудиторлық қызметті;

9) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті;

10) кредиттік бюролардың қызметін;

11) күзет қызметін;

12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымымен байланысты қызметті;

13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметті, оның ішінде кен іздеушілер қызметін;

14) пайдалы қазбалар өткізуді, трейдерлердің қызметін, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызметті;

15) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін, бензинді, дизель отынын және мазутты бөлшек саудада өткізуді;

16) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын.