Date of publication: 16.01.2020 12:03
Date of changing: 16.01.2020 18:42

         Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті 2020 жылдың 17 қаңтарында сағат 15:00-де «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша республикалық науқан өтетінін хабарлайды.

         Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізіледі.

         Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті ұйымдастыратын акцияда ҚР Салық Кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

         Өткізілетін орны: Талдықорған қ., Алматы облысы  бойынша «МК «Азаматтарға арналған үкімет» Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО), Н. Назарбаев даңғылы, 67А.

         Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс номерлері арқылы хабарласуға болады: 8(728)2-60-12-64, 60-12-63, 60-11-21, 60-11-22.