
Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиын өтті
2019 жылдың 15 қаңтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж.С. Жұмабаевтың және Алматы облысы бойынша кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы, Талдықорған кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ақпараттық-насихаттау штабының мүшесі Б.Д.Файзулиннің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жиын өтті.
Жиынды Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д. Н. Мәулетов ашты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. С. Жұмабаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижелері, сондай-ақ ҚР ҚІЖК 200-бабы тәртібіндегі заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстарды қарау туралы» тақырыпта баяндама жасады. Өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, 2019 жылдың статистикалық мәліметтерін көрсетті. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін, жаңа бағыттарын көрсетіп, іске асырылып жатқан жобаларды, парасаттылық, нөлдік шыдамдылық қағидаттарын баяндап, электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін одан әрі көбейту қажеттілігіне және олардың көрсету сапасын жақсартуға ерекше көңіл аударды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің миссиясы – «Қазақстан халқының игілігі үшін сыбайлас жемқорлықты жою». Оны жүзеге асыру амалдарды, ойлауды және іс-әрекеттің барлық үйреншікті алгоритмін өзгертуді көздейді.
Б.Д. Файзулин өз сөзінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, азаматтардың мәдениетін арттыруға және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде алдын алу шараларын қабылдауға баса назар аударды, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыру туралы ұсыныс айтты.
Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Д. Н. Мәулетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының нәтижелері туралы атап өтті. Департамент түсіндіру жұмыстарымен қатар, ұйымдастырушылық жоспарлы іс-шараларға сәйкес тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізілетінін айтты. Тұрақты негізде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жолымен сыбайлас жемқорлық көріністеріне неғұрлым осал учаскелерді бақылау және анықтау, оларды жою бойынша жұмысты одан әрі әзірлеу жүзеге асырылады. Құқық бұзушылықтың, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
МКД қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнеролик көрсетілді.