
Салықтық рақымшылық.
Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті бұдан бұрын хабарланғанындай, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң қолданысқа енгізілді.
2019 жылы 6 541 салық төлеуші 2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 522,7 млн. теңге
бересін өтеп, жалпы сомасы 156,9 млн.теңге өсімпұлдар және 25,1 млн.теңге айыппұлдар есептен шығарылды.