Date of publication: 30.12.2019 17:43
Date of changing: 30.12.2019 17:46

Салық төлеушілердің назарына!

Бірыңғай жер салығы.

01.01.2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгереді.

2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер қазір салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі-оңайлатылған декларациядағы табыс болады.  Табыстың ставкасы  0,5% құрайды.

Бұл жаңа енгізілім БЖС қолданатын және микро - немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері болып танылатын салық төлеушілерге үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатуға мүмкіндік береді.

Барлық жеңілдіктер сақталады.

БЖС төлеушілер кірістен жеке табыс салығын, жер салығын, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді, көлік құралдары салығын және мүлік салығын (белгіленген шектерде), әлеуметтік салықты, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерді төлеушілер болып табылмайды.

БЖС төлеушілер айналымға қарамастан ҚҚС төлеушілер болып табылмайды.