Date of publication: 30.12.2019 16:52
Date of changing: 30.12.2019 16:56
 

Ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген күндер қалды, осыған байланысты негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалануға асығыңыз

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті елімізде осы жылдың аяғына дейін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық жүргізіліп жатқанын ескертеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған салықтық рақымшылық шегіне орай 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша болған бересі сомасын салық төлеуші төлеген жағдайда, өсімпұл және айыппұл сомалары есептен шығаруға жатады.

Алматы облысы бойынша барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларында өсімпұлдарды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылған,олар салықтық рақымшылық шарттарына сәйкес келетін салық төлеушілерді іріктеу үшін дербес шоттарды түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

          Жалпы алғанда, облыс бойынша 2019 жылдың 30 желтоқсаны жағдайына 6 493 салық төлеуші ​​2018 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша жалпы сомасы 515,2 млн. теңге бересіні өтеп,  151,4  млн.теңге сомасына өсімпұлдар және 25,1 млн. теңге айыппұлдар есептен шығарылды.  

 

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды.

Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады.

Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар, мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады.

Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.

Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады.

Департаменттің салықтық рақымшылық нәтижелері бойынша

Бірінші категория бойынша Алматы облысы бойынша барлығы 88 919 жеке тұлға негізгі берешек сомасы – 1 462 210,5 мың теңге, өсімпұл сомасы – 506 754,8 мың теңге.

2019 жылдың 30 желтоқсаны жағдайына  39 802 жеке тұлғаның  168 118,3 мың теңге өсімпұл сомасы есептен шығарылды. Төленген негізгі берешек сомасы 712 250,9 мың теңге.

 

Екінші категория бойынша. Алматы облысы бойынша барлығы 15 жеке тұлға жалпы берешек сомасы – 39,7 мың теңге, оның ішінде 22,7 мың теңге, өсімпұл  – 17,1 мың теңге. Салық берешегі толық есептен шығарылды.

 

Ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген күндер қалды, осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықпен пайдалануға асығыңыз.