
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық міндеттемесі мен талап қоюдың ескіру мерзімі 3 жылды құрайды!
Алматы облысы бойынша МКД Салық кодексінің 48-бабының жаңа редакциясына сәйкес салық міндеттемесі мен талап қою мерзімі 3 жыл болатынын хабарлайды. Бұл ереже 01.01.2020 ж. бастап пайда болған қатынастарға қолданылады Талап қою мерзімі салық төлеушілердің келесі санаттары үшін бес жылды құрайды:
1) Салық кодексіне сәйкес салық мониторингіне жататын;
2) Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар.
Салық міндеттемесінің және талап қоюдың ескіру мерзімін еске түсіріңіз - бұл уақыт кезеңі:
1) салық органы салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеуге, есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті ұсынуға міндетті, салықтық есептілікке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, салықтық есептілікті қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеуші (салық агенті) салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы болатын уақыт кезеңі салықтық міндеттеме мен талап бойынша талап қоюдың ескіруі деп танылады.