
Жақсылық жасау - балаларға жылулық пен көңіл бөлу!
Біз балаларға өз жылулығымызды және қамқорлығымызды жиі сыйлаған сайын, соғұрлым олар осы әлемде күш – жігері артып, батыл өмір сүруге және әрекет етуге ие болады.
Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т.К. Сарсембаев Талдықорған қаласында 6-18 жас аралығындағы 91 бала тұратын "Айналайын" балалар үйіне барды.
Балалар қонақтарды ән мен бимен қарсы алды.
Өз кезегінде Т.К. Сарсембаев баршаңызды Жаңа жылмен құттықтап, оларға денсаулық, көп көңіл-күй, оқуда табыс тіледі!