Date of publication: 27.12.2019 16:43
Date of changing: 27.12.2019 16:43

2020 жылға арналған патент есебінде нені дұрыс көрсету керек?

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге хабарлайды: "2020 жылға арналған патент есебінде нені дұрыс көрсету керек?"

 Президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру барысында Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін (Салық кодексі) енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына микро және шағын бизнес субъектілерін үш жылға салық төлеуден босатуға қатысты толықтырулар енгізілді.

Біз табыс салығын төлеуден босату туралы айтамыз, бірақ әлеуметтік төлемдерден босату жоқ, әлеуметтік төлемдер төленеді.

2020 жылға арналған патент құнының есебі ағымдағы жылы 2019 жылы ұсынылғанын ескере отырып, жеке кәсіпкерлердің салық есептілігі нысанын (СЕН) ұсыну және 2020 жылға патент құнын төлеу табысты көрсете отырып, бірақ жеке табыс салығын (ЖТС) есептеу мен төлемей жүргізілуі мүмкін екеніне назар аударамыз.