Date of publication: 17.03.2016 11:48
Date of changing: 17.03.2016 11:49

     Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы  Нағипа Абдуллина аумақтық "Жетысу"  телеарнасының "7 студия" бағдарламасында  сөз сөйледі

 

15 наурызда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы  Нағипа Абдуллина аумақтық "Жетысу"  телеарнасының "7 студия" бағдарламасында сөз да сөйледі.

Эфир барысында, қазіргі таңда мемлекетімізде жүріп жатқан мұлікті заңдастыру, 2016ж.салық заңнамасына еңгізілген өзгерістер, алдағы жаппай декларациялау туралы түсініктемелер берілді.

 Сонымен қатар, салықтық және кедендік рәсімдерді біріздендіру, оларды жетілдіру және салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін оңайлату туралы айтып өтті.

Басқарма басшысы телеарна көрермендерін, Кодекс жобасын талқылау жұмыстарына белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісуге шақырды.  

Бұл үшін ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында форум ашылды.