
ЭШФ – электрондық шот-фактураларды қабылдау және өндеу ақпараттық жүйесімен (әрі қарай ЭШФ АЖ) арқылы электрондық нысанда жазып берілетін және салық заңнамасы нормаларының талаптарына сәйкес келетін шот-фактура.
2019 жылдан бастап шот фактураны жазып беру электронды турге ауысты. Бұл жағдай 2019 жылы күшіне енген Салық кодексінің 412 бабы бойынша реттеледі.
ҚР СК 412б. 2т. сәйкес, электрондық шот-фактураларды жазып беру, қағаз жузінде жазып беруден басқа жағдайларда іске асырылады.
Қандай жағдайда шот-фактураларды жазбау рұқсат етілген?
ҚР СК 412б. 13т. сәйкес шот-фактураларды жазу қажет емес:
13. Шот-фактураны жазып беру мынадай жағдайларда талап етілмейді:
1) есеп айырысулары:
сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегін ұсына отырып, қолма-қол ақшамен және (немесе) көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу терминалдары арқылы;
төлем карточкаларын пайдаланып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер өткізілген;
2) есеп айырысулары электрондық ақшамен немесе электрондық төлем құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға өткізілген;
3) жеке тұлғаға ұсынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер, байланыс қызметтері үшін есеп айырысулар екінші деңгейдегі банктер, пошта операторы арқылы жүзеге асырылған;
4) теміржол немесе әуе көлігімен жолаушыны тасымалдау қағаз жеткізгіштегі жол жүру билетімен, электрондық билетпен немесе электрондық жол жүру құжатымен ресімделген;
5) тауар дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаға өтеусіз берілген;
6) осы Кодекстің 397-бабында көзделген қызметтер көрсетілген;
7) казино, ойын автоматтары залы, тотализатор және букмекерлік кеңсе қызметі бойынша қызметтер көрсетілген жағдайларда.
Алайда, ҚР СК 412б. 14т. сәйкес, көрсетілетін қызметтерді алушы жеке тұлғаның жол жүру фактісін растайтын құжатты немесе шот-фактураны жазып беру талабымен осындай көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы, ал өнім беруші бұл талапты осы баптың ережелерін ескере отырып, оның ішінде жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тасымалдау бойынша қызмет көрсетілген жеке тұлғаның деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға міндетті.