
Blockchain бақылау шоты арқылы ҚҚС асып кеткен сомасын қайтару
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығын төлеуші ҚҚС сомасы бойынша ақша қозғалысын бөлек есепке алу үшін - қосылған құн салығының бақылау шотын ашуға қатысты Салық Кодексінің 433 бабы қолданысқа енгізілді.
Қосылған құн салығының бақылау шотын қолданатын экспорттаушылар үшін ҚҚС қайтару мерзімі 15 жұмыс күніне дейін қысқартылды. ҚҚС қайтарудың маңызды шарты келесі болып табылады:
- тауарды тасымалдаған кезде өзгермелігі;
- тауардың төлемі бүкіл тізбегінде бақылау шоты арқылы төленген жағдайда;
Сонымен қатар Салық кодексінде ел ішінде алғаш рет сатып алынған тауарларға ҚҚС қайтару қарастырылған:
- тауарлар тізбесі уәкілетті органмен бекітіледі;
- алынған тауар 2 жылдың ішінде ары қарай сатылуға жатпайды;
- бүкіл тауар тізбегінде өндірушіден/имортердан ЭШФ қолдану қажет.
ҚҚС әкімшілендіруде Blockchain жаңа технологоиясын қолдана отырып, ҚҚС әкімшілендіру процесін оңтайландырады және келесіні қамтамасыз етеді:
- ҚҚС асып кеткен сомасын жедел қайтару;
- алдын ала декларацияларды автоматты қалыптастыру;
- салық органдары тарапынан тексерістердің қысқартылуы;
- ҚҚС жиналуының ұлғайуы;
- ҚҚС әкімшілендіруде ашықтықты артырады;
- бұрынғы жүйелердің қолдану мүмкін еместігі.