
"Электрондық шот-фактуралар" ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулімен жұмыс»
Виртуалды қойма - "Электрондық шот-фактуралар" (бұдан ары - ЭШФ) ақпараттық жүйесінің модулі, ол Қазақстан Республикасының аумағында импорт немесе өндіріс сәтінен бастап бөлшек саудада өткізуге немесе экспорттауға дейін тауарларды автоматты режимде өткізуді бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, "Виртуалды қойма" модулі салық төлеушіге қоймалар, модульдегі сауда нүктелерін және осы қоймаларда іс жүзінде бар тауарларда тіркеу арқылы қойма жұмысының бизнес-процестерін басқару мүмкіндігін береді.
Пайдаланушылар міндетті түрде келесі іс-шараларды орындау қажет:
- Ұлттық куәландыру орталығының ЭЦҚ-лы болмаған жағдайда ХҚКО-нан ЭЦҚ алу қажет. Сондай-ақ ХҚКО бірнеше сертификат аласыз:
- AUTH_...авторизация сертификаты;
- жеке тұлғалар үшін RSA немесе заңды тұлғалар үшін GOST қолтаңба сертификаты.
- IE 10, IE 11; Edge; Firefox 41+; Chrome 45+; Safari 8+; Opera 32+ ұсынылатын браузерлерді пайдалану.
Одан ары браузерлердің өзекті нұсқасын қолдау және пайдалану ұсынылады.
ЭШФ АЖ порталында CryptoSocket БҚ ден NCALayer БҚ көшу жүзеге асырылды.
NCALayer бағдарламасын орнату үшін:
- ҚР Ұлттық Куәландыру Орталығы http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer сайтында орнату файылын жүктеу;
- http://pki.gov.kz/index.php/ru/ncalayer сайтында орнатылған NCALayer пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес бағдарламалық жасақтаманы орнату қажет.
NCALayer бағдарламалық жасақтамасын орнатқаннан және іске қосқаннан кейін экранның төменгі оң жақ бұрышында NCALayer белгісіне тінтуірдің оң жақ батырмасын басу және "Модульдерді Басқару"таңдау қажет.
Модульдердің ашылған тізімінде "ЭШФ модулін" таңдау және "Модульді орнату" бастырмасына басу қажет, нәтижесінде модуль пайдаланушының компьютеріне орнатылады.
ЭШФ АЖ –де жұмыс бастар алдында NCALayer бағдарламасын іске қосу қажет.
Виртуалды қойманы жүргізу міндетті тауарлар бойынша ЭШФ жазып беру
Егер электрондық шот-фактура https://esf.gov.kz:8443/esf-web/login, ЭШФ АЖ жазылса және міндетті түрде виртуалды қойма жүргізілетін СЭҚ ТН кодын "G4. Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН)" жолында көрсетілген жағдайда, пайдаланушыға жұмыстың "Виртуалды қойма" Модулінің интерфейсіне https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login өту қажеттілігі және осы модульден осындай коды бар ЭШФ үзінділері туралы хабарлама беріледі.
«Виртуалды қойма» модулінде жұмыс.
https://esf-vs.gov.kz:8443/esf-web/login ЭШФ АЖ web-порталында авторизацияны орындаңыз.
ЭШФ АЖ-ге кіргеннен кейін сіз жұмыс істейтін профайлды таңдаңыз.
«Виртуалды қойма» қосымшасына өтіңіз.
«Виртуалды қойма» функционалы көрсетіледі.
«Виртуалды қойма» модулінде жұмыс істеу үшін қойманы тіркеңіз. «Қойма» қосымшасы пайдаланушының қоймаларының тізімін көрсетеді және қойманы тіркеуге мүмкіндік береді. Қоймада келесідей белгілер белгіленуі мүмкін:
- "Мұраға қалу" - бұл қойма заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезінде құқық мирасқорына ауыстырылатын болады;
- "Әдепкі бойынша қойма" - бұл қойманың атауы «Виртуалды қойма» нысандарын алдын ала толтыру кезінде пайдаланылады;
- "ҚЖ қолжетімділік белгісі" көрсетілген салық төлеушілерге бірлескен қызмет шеңберінде ЭШФ жазып беру кезінде тауарды таңдау үшін осы қойма қолжетімді болады.
«Виртуалды қоймада» жұмыс істеу үшін төмендегі бір қосымшаны таңдаңыз:
- «Тауарлар қалдығы» қосымшасы- салық төлеушінің (бұдан ары - СТ) барлық қалған тауарлары көрсетіледі .
- «Қойма» қосымшасы қойманы құруға немесе қойманы жоюға мүмкіндік береді;
- «Нысандар журналы» қосымшасы кіріс нысанын құруға және «Виртуалды қоймадан» есептен шығаруға мүмкіндік береді;
«ВҚЖА» қосымшасы анықтамадағы барлық позицияларды қарауға мүмкіндік береді. «Виртуалды қойма» анықтамалығы иерархиялық болып табылады және
СЭҚ ТН - 1 деңгей;
СЭҚ КН – 2 деңгей;
- «ТД» қосымшасы СТ –ге рәсімделген тауарларға арналған барлық декларацияларды қамтиды.
- « 328.00 СЕН» қосымшасы СТ –ге рәсімделген барлық 328.00 СЕН
қамтиды.
- «Шот-фактура» қосымшасы электрондық шот-фактуралармен жұмыс істеу функционалына көшуге мүмкіндік береді.
«Виртуалды қойма» құжаттар бойынша мәліметтер.
Тауарлар декларациясы (бұдан ары - ТД) - үшінші елдерден импортталған тауарлар туралы ақпаратты қамтитын құжат. ТД кеден ақпараттық жүйелерінен СТ «Виртуалды қоймасына» автоматты түрде түседі.
ТД көрсетілген СЭҚ ТН негізінде «Виртуалды қоймаға» тауардың кірісі жүзеге асырылады.
328.00 - СЕН ЕАЭО-дан импортталған тауарлар туралы ақпаратты қамтитын құжат. 328.00 СЕН ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйесінен автоматты түрде келеді. 328.00 СЕН СЭҚ ТН негізінде «Виртуалды қоймаға» тауардың кірісі жүзеге асырылады.
Электронды шот-фактура (бұдан ары –ЭШФ) - тауарды бір СТ-ден екіншісіне ауыстыру жүргізілетін құжат, яғни тауарды сату жүргізіледі.
«Нысандар журналы» қосымшасында «Виртуалды қойма» нысанын құру.
«Қалдықтар» нысаны іс жүзінде СТ қоймасында бар тауарлар қалдығын кіріске алуға арналған. Бұл «Виртуалды қоймада» жұмысы басталғанға дейін өндірілген, импортталған немесе сатып алынған тауар.
«Өндіріс» нысаны «Виртуалды қоймада» жұмыс басталғанға дейін өндірілген тауарды кіріске алуға арналған.
«Есептен шығару» нысаны «Виртуалды қоймадан» тауарды есептен шығаруға арналған. Есептен шығару мынадай себептер бойынша жүргізілуі мүмкін:
Өндіріс (өндірісте қолдану үшін есептен шығарылатын тауар);
Бұзылу (бүлінген немесе жарамдылық мерзімі өткен тауар);
Жоғалған (жоғалған тауар);
Басқалары (есептен шығару жоғарыда көрсетілмеген басқа да себептер бойынша жүргізіледі).
"Ішкі өткізу" нысаны бір СТ шеңберінде тауарды бір қоймадан екіншісіне ауыстыруға арналған.
"Қалдықтарды түзету" нысаны «Виртуалды қоймада» бар қалдықтарды ұлғайтуға арналған.
Егер бұрын "Қалдықтар" нысаны бойынша қолда бар нақты қалдықтардың бір бөлігі ғана енгізілген жағдайда пайдаланылады. "Қалдықтар" нысанына ұқсас толтырылады. Айырмашылық тауар «Виртуалдық қойма» ГС-дан емес, «Виртуалды қоймадағы» тауар қалдықтарынан таңдалады, бұл деректерді енгізуге арналған уақытша шығындарды азайтады.
Назар аударыңыз! Пайдаланушы "Қалдықтар"нысаны бойынша енгізілген қалдықтарды ғана түзете алады. ТД, СЕН 328.00 және "Өндіріс" нысаны бойынша «Виртуалды қойма» кіріске алынған тауарларды түзетуге болмайды. Сондай-ақ ЭШФ немесе басқа нысандар бойынша алынған қалдықтарды түзетуге болмайды.
"Детализация" нысаны
- өлшем бірліктерін айырбастау;
- тауарды бөлшектеу;
- тауарды қайта сұрыптау.
- тауарды жинақтау қажет болған жағдайда пайдаланылады.
Физикалық белгілерді енгізуге арналған нысан қоймада әдеттегі тауар ретінде тіркелген тауар үшін физикалық белгілерді енгізуге арналған, ал ӘК ГС-да бірегейлік белгісі көрсетілгеннен кейін бірегей тауар ретінде іске асырылуы тиіс.
Физикалық белгілерді енгізуге арналған нысан қоймада әдеттегі тауар ретінде тіркелген тауар үшін физикалық белгілерді енгізуге арналған, ал ӘК ГС-да бірегейлік белгісі көрсетілгеннен кейін бірегей тауар ретінде іске асырылуы тиіс.
«Бөліп шығару арқылы қайта ұйымдастыру» нысаны «Бөлініп шығу» арқылы қайта құрылған жағдайда тауарларды қоймада бөлуге арналған. «Бөлініп шығу» арқылы «Қайта ұйымдастыру" нысаны ҚР ҚМ МКК ақпараттық жүйесінен заңды тұлға қайта құру туралы мәліметтер болған жағдайда ғана пайдалануға қолжетімді болады.
«Бөлініп шығу» арқылы қайта құру қолданыстағы жұмыс істейтін заңды тұлғадан жаңа заңды тұлға бөлініп шықса, сондай-ақ, қайта құрылған заңды тұлға жұмысын тоқтатпаған жағдайда. Қайта құрылған заңды тұлғаның қоймасынан бөлініп шыққан заңды тұлғаға бөлінетін таурлар, тауар алушыға «Бөліп шығу арқылы қайта ұйымдастыру» нысаны арқылы жүзеге асады.
Заңды тұлғаны
Процесс реорганизации юридических лиц по причине «Разделение» отличается, тем что, реорганизуемый налогоплательщик заблаговременно устанавливает у склада признак «Наследуемость», наполняет склады товарами посредством формы ВС «Внутреннее перемещение».
"Бөлу" себебі бойынша заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру процесі қайта ұйымдастырылатын салық төлеуші қоймада "мұраға қалу" белгісін алдын ала белгілеумен ерекшеленеді, "ішкі орын ауыстыру"ӘК нысаны арқылы қоймаларды тауарлармен толтырады.