
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС – ҚИМЫЛ-БҰЛ БІЗДІҢ ОРТАҚ ІСІМІЗ
2019 жылдың 19 желтоқсанында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Департамент ұжымында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - бұл біздің ортақ ісіміз» тақырыбында жиналыс өтті.
Жиналыс Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді, жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңымен енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
Жаңа жылды мерекелеу қарсаңында сыйлықтарды қабылдау және беру практикасын болдырмау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері үшін Әдеп кодексінің нормаларын сақтау сияқты мәселелерге тоқталды.
Кездесу соңында Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы дайындаған экстремизм мен терроризмнің алдын-алу мақсатында бейнероликтер көрсетілді.