
«Нұр Жолы» кеден бекетінде белгіленген нысанда декларацияланбаған ақша қаражатын ұстады
2019 жылдың 13 желтоқсанында Алматы облысы бойынша МКД-нің «Нұр жолы» кеден бекетінде кедендік бақылауды жүргізу барысында Өзбекстан азаматшасынан ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде 10 000 АҚШ доллары, 26 000 теңге, 750 000 өзбек сомы, 47 қытай юані мөлшерінде декларацияланбаған валюта табылды.
Қазіргі таңда кінәлі тұлға 10 АЕК көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы.
10 мың АҚШ долларынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.
Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады.
Алматы облысы бойынша МКД