
Талдықорған қаласында BMW X5 автокөлігі ірі көлемдегі қарызы үшін айыппұл тұрағына алынды.
Талдықорған қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының қызметкерлерімен бірлесіп, жолдардағы салық бойынша қарыздары үшін арнайы айыппұл тұрағына автокөлік құралдарын орналастыру және анықтау бойынша рейдтік іс - шаралар барысында, көлік құралдарына салынатын салық бойынша ірі борышкер-автокөлік иесін ұстады.
Рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жол полициясы қызметкерлері көлік салығы бойынша берешектері үшін 812,7 мың теңге, өсімпұл 340,6 мың теңге, жалпы сомасы 1153,3 мың теңгені құрайтын BMW X5 маркалы автокөлігін ұстады.
Аталған автокөлік құралын бар қарызын өтегенге дейін сот орындаушылары мамандандырылған айыппұл тұрағына қойды. Бұл ретте автокөлік құралының иесіне салықтар бойынша қарызды өтеу міндеттелді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды күтпестен өз еркімен өтеуін сұрайды.
Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы МКК сайтында немесе келесі сілтеме бойынша өтіп біле алады: https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web
Алматы облысының тұрғындары жеке тұлғаларға салынатын салықтары бойынша барлық сұрақтар жөнінде тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына немесе облыстық МКД өндірістік емес төлемдер басқармасына телефон арқылы хабарласа алады 8 /728-2/- 60-11-97, 8-/728-2/-60-11-46.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.
Сонымен қатар, жеке тұлға салық міндеттемелері бойынша салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару арқылы жүргізілетін салықтық рақымшылық туралы Жеке тұлғалардың назарына жеткіземіз.
Өсімпұлдарды есептен шығару салықтар бойынша негізгі борышты төлегеннен кейін үш жұмыс күні ішінде автоматты түрде жүргізіледі.
Өткізілетін салықтық рақымшылық жасау мерзімі 31.12.2019 жылы аяқталады.
Алматы облысы бойынша МКД