
Жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық
Ағымдағы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды.
Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады.
Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар, мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады.
Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.
Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады.
Қазіргі уақытта 12,6 млрд. теңге бересін төлеген 549 мыңнан астам азаматтарға 2,3 млрд. теңге өсімпұл есептен шегертілді.
Ағымдағы жылдың соңына дейін есептелген күндер қалды, осыған байланысты негізгі қарызды өтеуге және салықтық рақымшылықпен пайдалануға асығыңыз.