Date of publication: 18.12.2019 15:09
Date of changing: 18.12.2019 15:11

МӘМС аударымдары:

2017 жылғы 1 қаңтардан бастап Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізілді (Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңы).

Аударымдарды төлеушілер болып қорға аударымдар мен жарналарды есептейтін (ұстап қалатын) және аударатын жұмыс берушілер (Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларды, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, өкілдіктері) табылады.

Міндетті аударымдар бойынша шығыстар болып жұмыс берушінің қызметкерге табыс түрінде төленетін сомасы болып табылады. Жұмыс берушілердің қорға  төленетін сомасы, пайыз мөлшерінде белгіленеді:

– 2017 жылғы 1 шілдеден бастап-аударымдарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

– 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап-объектінің 1,5 пайызы;

- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап-объектінің 2 пайызы;

- 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап- объектінің 3 пайызы.

Жарналар:

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің, жеке тұлғалардың табыс алатын шарттар бойынша азаматтық-құқықтық сипаттағы қорға төленуге тиісті жарналар қарастырылған.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын қызметкерлердің, жеке тұлғалардың жарналарын есептеу объектісі олардың табыстары болып табылады.

Жарналар келесі мөлшерде белгіленеді:

– 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап-жарналарды есептеу объектісінің 1 пайызы;

– 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап-жарналарды есептеу объектісінің 2 пайызы.

* Анықтама: жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын тұлғаның (жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың) жарнасын есептеу объектісі 1,4 ЕТЖ болып табылады (2019 жылға дейін – 2 ЕТЖ – бұл ретте жарналар ұсталмады).

Жеке кәсіпкерлер:

  • ҚР Салық заңнамасына сәйкес салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұрғандар;
  • ҚР Салық заңнамасына сәйкес әрекетсіз деп танылған жарналар

1 ЕТЖ негізге алына отырып төлейді (01.01.2018 бастап).