Date of publication: 13.12.2019 18:08
Date of changing: 13.12.2019 18:10

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты іс-шара өтті

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиынды департамент басшысы Т. К. Сәрсембаев ашты.

Өз сөзінде ол тәуелсіздік жылдары көрсеткіштердің айтарлықтай өзгерістері , жылдан жылға салықтар мен бюджетке түсетін түсімдердің тұрақты өсімі байқалатынын атап өтті.

28 жыл ішінде бюджет деңгейі 78 есеге артты. Егер 1990 жылдардың басында мемлекеттік бюджетке шамамен 6 млрд.теңге түссе, 2018 жылы түсімдер 375 млрд. теңгені құрады, ағымдағы жылы 468 млрд. теңге түсті.

Өз құттықтау сөзінде Департамент басшысы барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтап, жемісті және табысты жұмыс, денсаулық және амандық тіледі.

Мемлекет басшысының мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойған міндеттерін іске асыруға қосқан үлесі үшін салтанатты түрде Департаменттің үздік қызметкерлері марапатталды.

"Құрмет" орденімен Текелі қаласы бойынша МКБ басшысы Қ.Д.Нұрғалиев марапатталды.

 ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрі А.А.Смаиловтың Құрмет грамотасымен 4 қызметкер марапатталды,  ҰҚБ бөлім басшысы Г. Ш. Сартова, ТЖБ бас маманы Ж.А.Уксукбаев, Алтынкөл КБ бас маманы А. Қаракенов, Жамбыл ауданы бойынша МКБ бас маманы Ж.Данаева марапатталды.

Сонымен, Құрмет грамотасымен және ҚР ҚМ МКК Төрағасының Алғыс хатымен 10 қызметкер марапатталды, 15 қызметкер департамент басшысының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Спорттағы үздіктер футзал бойынша дипломмен және кубокпен марапатталды, 7 медаль табыс етілді.  Үш қызметкер Су спорты түрлері бойынша МҚІА дипломдарымен марапатталды

Іс-шара соңында Департамент мамандары мерекелік концерт ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - мерекелеріңізбен!