Date of publication: 11.12.2019 10:36
Date of changing: 11.12.2019 10:36

Жеке тұлғаның мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін табыс

Мемлекеттік кірістер органдарының жұмысындағы өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасында мүлікті (мүліктік табыс) сату кезінде құн өсімінен табыс алған жеке тұлғаларды бақылау болып табылады.
Жеке тұлғаның мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін табыс мынадай мүлікті:
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан кем уақыт меншік құқығында тұрған тұрғын үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан кем 1) тармақшада көрсетілген орналасқан объектілер саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан кем 1) тармақшада көрсетілген орналаспаған объектілер саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
4) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан 2) және 3) тармақшаларда көрсетілмеген нысаналы мақсаты бар жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
5) Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық алтын;
6) 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті;
7) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығында бір жылдан кем уақыт болатын механикалық көлік құралдар және (немесе) тіркемелерді;
8) бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында тіркелген эмитенттері, Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерін сату кезінде туындайды.
1) - 7) тармақшаларда көрсетілген мүлікті сату кезінде құн өсімінен түсетін табыс мүлікті сату бағасы (құны) мен оны сатып алу бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады.

Мемлекеттік кірістер органдары барлық азаматтарды мүліктік табыс алу кезінде декларацияны өз бетінше табыс ету және жеке табыс салығын уақтылы төлеу қажеттігіне шақырады.
Жеке тұлғалар 240.00 нысан бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етеді, ол салық органына тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей ұсынылады.
Мүліктік табыстан алынатын жеке табыс салығы салық салу объектісіне 10 процент мөлшерінде ставканы қолдану жолымен есептеледі және 10 сәуірге дейін төленеді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық басталды.
Өсімпұлды есептен шығарудың жалғыз шарты жеке тұлғаның салықтар бойынша негізгі борышты төлеуі болып табылады.
Осыған байланысты мүлікті сату кезінде құн өсімінен табыс алу кезінде салық міндеттемесін уақтылы орындамаған салық төлеушілер 2019 жылдың соңына дейін осы мүмкіндікті пайдалана алады және салықтық рақымшылық жасауға қатыса алады, бұл салық ауыртпалығынан босатуға және төленбеген өсімпұлды есептен шығаруға мүмкіндік береді.