Date of publication: 10.12.2019 09:40
Date of changing: 10.12.2019 09:41

2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін орындау мәселелері бойынша кеңес өтті

2019 жылғы 09 желтоқсанда облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Ж. Ш. Тұяқовтың төрағалығымен облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті.

Аталған кеңеске Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Т. Қ. Сәрсембаев қатысты, ол 2019 жылдың 11 айында мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, қосымша резервтерді іздестіру мәселелері бойынша; салық бойынша берешекті өндіріп алу бойынша жүргізілген жұмыстар туралы; 2019 жылға арналған облыстың жергілікті бюджетіне есептелетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы баяндама жасады.

2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджетке 459,3 млрд. теңге түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (01.12.2018 - 353,4 млрд.теңге) 105,9 млрд. теңгеге артты немесе өсу қарқыны 130,0 %-ды құрады.

Республикалық бюджет бойынша 256,6 млрд. теңгеге түсім түсіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 88,5 млрд.теңгеге артты (01.12.2018 - 168,1 млрд.теңге) немесе өсу қарқыны 152,7% құрады.

2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша жергілікті бюджетке 202,7 млрд.теңге түсіп, жоспардан 2,9 млрд. теңгеге артты.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,4 млрд. теңгеге артып, өсу қарқыны 109,4% құрады(01.12.2019 - 185,3 млрд.теңге).

Сөз сөйлеу барысында Мемлекеттік кірістер басқармаларының, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде өндірілуі мүмкін қосымша резервтерді анықтау бойынша өзекті мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ, талқыланған мәселелердің бірі-салық берешегін төмендету, берешекті  өндіріп алу бойынша іс-шаралар өткізу.

Берешекті төмендету бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде. Аумақтық басқармалар барлық борышкерлерге қатысты күн сайынғы мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Іле, Талғар, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарының және Қапшағай қаласының әкімдері тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары барлық аудандар мен қалалардың әкімдеріне бюджетке түсетін түсімдердің толықтығын арттыру және берешектің төмендеуін қамтамасыз ету бойынша пәрменді шаралар қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берді.