Date of publication: 09.12.2019 14:49
Date of changing: 09.12.2019 16:13

Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті қалай қалыптасады

 

Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті төмендегі ақпаратты  хабарлайды.

2017 жылдың 11 шілдесінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде дербес бюджетті және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін енгізу үшін бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

         Заңмен жергілікті бюджеттен түсімдерді беру есебінен жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеттерін кезең-кезеңмен енгізу көзделген:

6 салық түрі бойынша:

- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС (КБК 101202);

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (БСК 104102);

- елді мекендердің жерлеріне салынатын жер салығы (БСК 104302);

- заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104401);

- жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (БСК 104402);

- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем (КБК 105430),

және салықтық емес түсімдерді:

- (мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға беруден) түскен кірістер;

- жеке және заңды тұлғалардың ерікті алымдары;

- "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімдермен алынатын айыппұлдар»;

 - коммуналдық меншікті сатудан түсетін кірістер;

- аудандық бюджеттен түсетін трансферттер.

Бірінші кезеңде, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеттері халық саны 2000 адамнан асатын ауылдық округтерде енгізілді, 2020 жылдан бастап қалған барлық ауылдық округтерде енгізілетін болады.

Дербес бюджеттерге түсімдерді қамтамасыз ету мақсатында салық есептілігіне "аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер және ауылдық округтер әкімдері аппаратының БСН (Бизнес сәйкестендіру нөмірі) " жаңа алаңы қосылды, жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджеті деңгейінде дербес шоттарды ашу модификацияланды және іске қосылды, салық есептілігі нысандарынан есептеулерді қабылдау және өңдеу, жеке тұлғалардың салықтар бойынша есептеулер тізілімі, ЕДБ ақпараттық жүйелерінен төлемдерді қабылдау (жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетінің кодтарын ескере отырып) енгізілді.

Жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетін жергілікті қоғамдастық жиналысында талқыланғаннан кейін аудандық мәслихат бекітеді, ал бюджеттің орындалуы ауыл әкімінің аппаратына жүктеледі. Яғни, әкімдік жергілікті қоғамдастықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының; мәдениет мекемелерінің, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау қызметін қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасауға, автожолдарды салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау; елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру және басқалар бюджет шығыстарын жоспарлайтын болады.

Кgd.gov.kz ақпараттық ресурстық - анықтамалар бөлімінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мемлекеттік кірістер органдарының (ЖӨБ) атауларының тізбесі және жергілікті өзін - өзі басқарудың дербес бюджетінің 6 таңбалы коды орналастырылған.