Date of publication: 05.12.2019 17:53
Date of changing: 05.12.2019 17:54

Талғар ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылдың 3-4 желтоқсан күндері аралығында Талғар ауданындағы «Тәуіп» және «ТехСтройСервис» базарларында салық төлеушілермен кездесулер өткізіп, патент негізінде арнайы салық режимін қолдануға құқығы бар қызмет түрлері қысқаруына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

            Сондай-ақ, осы санаттағы кәсіпкелерлер онлайн режиміндегі БКМ тіркеуден өтуі керек екенін хабарлаймыз, себебі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап онлайн режиміндегі ККМ қолданудан босату алынып тасталады.

 Тіркелген шегерім пайдаланылатын арнаулы салық режимін немесе оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимі туралы хабарламаны тапсыру қажет. Жыл соңында кірістер басқармасында кезекте тұрып уақытыңызды жұмсағанша, қазірден бастап хабарламаңызды тапсыра берсеңіз болады.

 Егер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданатын салық салу режимін таңдамай,  хабарламаны тапсырмаған жағдайда, жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салу тәртібіне ауысуға жатады.