
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жұмыс істеуі;
2) шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
3) азаматтық хал актілерінің жазбасы жөніндегі қызметті қамтамасыз ету;
4) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
5) ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда науқасы ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін жақын жердегі денсаулық сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;
7) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету;
8) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру;
9) елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
10) жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туған-туысы жоқ адамдарды жерлеу;
11) елді мекендерде көшелерді жарықтандыру;
12) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру;
13) жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау;
14) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;
15) елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру;
16) жергілікті деңгейде халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
17) жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
18) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру;
19) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке трансферттер.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен:
1) мемлекеттік қызметтерді көрсететін немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін орындайтын мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстарына, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттік мекемелердің кадрларды қайта даярлау және жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстарына;
2) бюджеттік инвестициялық жобаларға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің бағыттарына арналған шығындар да қаржыландырылады.
56-1 бапта көрсетілген бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттердің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерінен қаржыландырылатын әкімдер аппараттарының шығыстары заттай нормалар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиттері негізінде жоспарланады.