Date of publication: 04.12.2019 16:32
Date of changing: 04.12.2019 16:38

              Әлеуметтік салық мөлшерлемелері

 

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 485 бабына сәйкес заңды тұлғалар үшін әлеуметтік салыққа келесі  мөлшерлеме бекітілген:

  2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 9,5 пайыз;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 11 пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі.

Дара кәсiпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар әлеуметтiк салықты республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және төленетін күнге қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 2 еселенген мөлшерінде өзi үшiн және айлық есептiк көрсеткiштің 1 еселенген мөлшерiнде әрбiр жұмыскер үшiн есептейді.

Мысалы: 2019  жылға жеке кәсіпкер үшін әулеметтік салық  5050 тенге (2525 тенге х 2), жұмыскерлер үшін  2525 тенге                            (2525 тенге х1).

Осы тармақтың ережесі келесі жағдайда қолданылмайды:

1) өздері осы Кодекстің 213-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды уақытша тоқтата тұруы кезеңінде салық төлеушілерге;

2) оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге;

Бұл жағдайда әлеуметтік салық жеке кәсіпкерлерге келесі тәртіппен төлену керек. Мысалы, жеке кәсіпкер  1-ші жарты жылдыққа 300 000 тенге кіріс алса, 3 пайыздық мөлшерлемені қолдана отырып, 9000 теңге салық есептеледі, оның 455 теңгесі табыс салығы, 4500 теңгесі әлеуметтік салық  ½ бөлігі.

3) есепті салықтық кезеңде кіріс алмаған адамдарға қолданылмайды.  (Егерде салық кезеңінде жеке кәсіпкердің табысы болмаса, әулеметтік салық есептелінбейді).