Date of publication: 28.11.2019 17:10
Date of changing: 28.11.2019 17:32

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ рейдтік іс-шаралар жүргізуде

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019 жылдың 28 қарашасында Алматы облысы бойынша ЖСО қызметкерлерімен бірлесіп жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша салық берешегін өндіріп алу , төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

Әрбір автокөлік иесіне көлік салығын төлеу бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндірілді.

 Рейд қорытындысы бойынша бүгінгі күн ішінде Алматы облысының бюджеті 2782,8 мың теңгеге толықты.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.