
Қаратал ауданы бойынша МКБ рейдтік іс-шаралар жүргізуде
Қаратал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы 2019 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019 жылдың 27 қарашасынанда әкімдік қызметкерлерімен, АІІБ, Алматы облысының жеке сот орындаушыларымен, “Нұр Отан” партиясының қызметкерлерімен бірлесіп жеке тұлғалардан көлік салығы бойынша салық берешегін өндіріп алу , төленбеген әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді.
Әрбір автокөлік иесіне көлік салығын төлеу бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Рейд қорытындысы бойынша екі күн ішінде Алматы облысының бюджеті 948 700мың теңгеге толықты.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.