Date of publication: 28.11.2019 10:34
Date of changing: 28.11.2019 10:35

Жамбыл ауданында заңсыз алкоголь табылды

Алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында Жамбыл ауданы бойынша МКБ қызметкерлері Ұзынағаш ауылы аумағына тексерулер жүргізді.
Тақырыптық тексеру барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сақтау және ілеспе жүкқұжаттарсыз айналымы өткізу түрінде жасалған бұзушылық фактісі анықталды, алкоголь өнімі 862 дана, жалпы соммасы 247 059 теңгені құрады.
Қазіргі уақытта заңсыз айналымға түскен алкогольдік өнімдер тәркіленіп, кінәлі тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін әкімшілік құжаттар сотқа беріледі.