Date of publication: 28.11.2019 10:31
Date of changing: 28.11.2019 10:32

Көлік салығы бойынша Рейд!

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылға арналған жергілікті бюджетке түсетін қосымша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша уәкілетті және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2019 жылдың 22-23 қарашасында Алматы облысы бойынша МКД,  Алматы облысы бойынша Әкімшілік полиция басқармасы ПД және Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушысы РП-мен бірге көлік құралдарына салынатын салық және әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша салық берешегі бар жеке тұлғаларды төлеуге тарту бойынша бірлескен рейдтер Құлжа тас жолында (Гүлдала ауданы), Жоғарғы Талғар тас жолында, Алматы-Бішкек тас жолының 19 шақырымында және жоғарғы Қаскелең тас жолында өткізді.

Көлік салығын әкімшілендірумен айналысатын мамандар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай,Талғар аудандарының МКБ Құлжа трассасында (Гүлдала ауданы), Жоғарғы Талғар трассасында, Алматы-Бішкек трассасының 19-шы шақырымында және жоғарғы Қаскелең трассасында рейдке белсенді қатысты.

Әрбір автокөлік иесіне көлік салығын төлеу бойынша салық заңнамасының нормалары түсіндірілді.

Рейд қорытындысы бойынша екі күн ішінде Алматы облысының бюджеті 15 209, 3 мың теңгеге толықты, осылайша 198 автокөлік иесі сол жерде көлік салығын төледі. Автотұраққа зиянды төлемеушілердің 15 автокөлігі жіберілді.

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2019 жылы жеке тұлғалардан көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатынын еске салады.