Date of publication: 27.11.2019 16:03
Date of changing: 28.11.2019 12:38

Бақылаудың жаңа нысандарын енгізу-
"Азаматтық бақылау"!

Назар аударыңыз! Алматы облысының тұрғындарын "Азаматтық бақылау"жобасына қатысуға шақырамыз! Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері болып табылатын құқық бұзушылықтарға қатысты нөлдік төзімділікті күшейтуді жоспарлап отыр.
Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап пилоттық жоба – "Азаматтық бақылау" жүргізуліде, оның мәні салық төлеушілердің құқық бұзушылықтары туралы МКК бейне және фотоматериалдарды беру арқылы хабарлаған тұлғаларға сыйақы беру болып табылады.
Жобаға сәйкес түбіртектің бермеу фактісі туралы ақпаратты хабарлаған тұлғаларға сыйақы төлеу (ұялы телефон балансын толтыру) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау – кассалық машиналарының фискалдық түбіртектерін бермеу фактілерін анықтау бойынша пилоттық жобаға қатысты барлығы 5196 өтініш келіп түскенің хабарлайды. Оның ішінде Алматы облысы МКД 18 факті.
Барлық келіп түскен өтініштер өңдеуге түседі: кәсіпкердің деректері, фискалдық түбіртектерді бермеу фактілері мен себептері тексеріледі.
Тартылатын адамның түсініктемелері, жәбірленушінің, куәлардың айғақтары, сарапшының, маманның қорытындылары мен айғақтары, заттай дәлелдемелер, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы өзге де құжаттар, хаттамалар және ӘҚБтК-де көзделген іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жауапкершілікке тарту үшін дәлелдеме болып табылады.
Сондықтан, сатушының БКМ түбіртегін беруден бас тарту фактісі бойынша бейнесі түсірілген, дүкеннің мекен-жайы және атауы, сауда үйлері, базардың атауы көрсетілген (сауда үйіндегі дүңгіршектің нөмірі, базардағы орнының нөмірі) және фискалдық түбіртекті бермеген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін басқа да мәліметтер бар болған жағдайда сыйақы төленеді.