Date of publication: 03.03.2016 11:27
Date of changing: 03.03.2016 11:28

Оңалту және банкроттық  туралы семинар өткізілді

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2016 жылдың 2 наурызында қабылданған нормаларды жариялау мақсатында  Алматы облысы кәсіпкер палатасының өкілдері, кәсіпкерлер, оңалту және банкроттықты басқарушыларының катысуымен семинар өткізілді.

Семинар өткізу барысында 2015 жылдың қараша айында оңалту және банкроттық  туралы заңына енгізілген өзгертулер жарияланды.

Семинарға қатысушылар оңалту және банкроттық рәсімінің барысында жиі кездесетін сұрақтарды талқылады.