
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЭЦҚ ресімдеуді Ұлттық куәландырушы орталық жүзеге асырады
Құрметті салық төлеушілер!
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік кірістер органдары "электрондық салық төлеушіні тіркеу (электрондық цифрлық қолтаңба беру)"мемлекеттік қызметін тарататынын еске салады.
Осыған байланысты Мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық құжаттар алмасу Ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (ҰКО ЭЦҚ) пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады.
Электрондық құжаттар алмасу жолымен Мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында ҰКО ЭЦҚ алу, сондай-ақ "жеке кабинетті" ашу үшін "электрондық үкімет"порталында тіркеуден өту ұсынылады.