Date of publication: 19.11.2019 17:42
Date of changing: 19.11.2019 17:44

Электрондық түрде "Электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді

 алудың артықшылықтары

 

Алматы облысы бойынша МКД электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімін, сонымен қатар қызметтерді электронды түрде алудың артықшылықтары туралы салық төлеушілерге хабарлайды.

 Мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызметтің 44 түрін ұсынады.

Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 мемлекеттік қызметтің 13-і электрондық түрде көрсетіледі:

  • Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру;
  • Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру;
  • Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру;
  • Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және көтерме саудада өткізуге лицензия беру;
  • Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге лицензия беру;
  • Есебі мемлекеттік кірістер органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәлiметтердi беру;
  • Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;
  • Бюджетпен есеп айырысулар мәртебесі туралы, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер туралы жеке шоттынан үзінді көшірме беру;
  • Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу;
  • Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу;
  • Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу;
  • Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
  • Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу.

22 қызмет қағаз және электронды түрде ұсынылады, мысалы:

  • Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою;
  • Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі;
  • Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;
  • Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру;
  • Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің және ұстап қалған (төленген) салықтардың  сомалары туралы анықтама беру;
  • Қазақстан Республикасы резиденттігін растау;
  • Алкоголь өніміне (шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру;
  • Темекі өнімдеріне акциздік таңбалар беру;
  • Салықтық есептілікті ұсынуын тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау);
  • Салықтық есептілікті қабылдау;
  • Салықтық есептілікті керi қайтарып алу;
  • Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу;
  • Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару;
  • Салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша
  • салықтық міндеттемені орындау мерзімдерін өзгерту;
  • Еуразиялық экономикалық одағында тауарларды экспоррттау (импортау) кезінде салық нысандарын қабылдау;
  • Бақылау-касса машиналарын (БКМ) есепке қою және есептен шығару;
  • Тауарды сыныптау туралы алдын ала шешім қабылдау;
  • Белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі тауар партияларымен әкелінуі болжанатын, құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрдегі, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімді беру;
  • Тауарларды кедендік тазарту;
  • Халықаралық тасымалдау жол-көлік құралын тауарларды кедендік пломбалармен және мөрлермен тасымалдауға жіберу туралы куәлік беру;
  • Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу;
  • Транзиттік декларацияны қабылдау.

9 қызмет қағаз түрінде ұсынылады:

  • Салық төлеушілерді тіркеу;
  • Бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне бақылау-касса машиналарының жаңа модельдерін енгізу;
  • Төлем көзінен ұсталған табыс салығын қайтару;
  • Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары обьектілерін және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік обьектілерінің кедендік тізіліміне енгізу;
  • Кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарды төлеу жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ  кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаның және (немесе) уәкілетті экономикалық оператордың міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етуді тіркеу;
  • Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін өзгерту;
  • Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
  • Көлік құралына кедендік декларацияны қабылдау.
  • Жолаушылар кедендік декларациясын қабылдау.

Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алудың бірнеше артықшылықтары бар, мысалы:

Жұмыс уақытын үнемдеу, сондай-ақ бухгалтерлік құжаттардың бланкілерін сатып алуға ақшаларында үнемдеу;

Қайталанудың болмауы;

Қателіктерге жол берілмеуі;

Электрондық түрде тапсырылған ақпарат форматтарын жедел жаңарту кепілдігі;

Ақпараттық үзінді алу мүмкіндігі;

Жедел ақпараттандыру;

Есептің жеткізілімі туралы растауы;

Құпиялылық;

Тәулік бойы қол жетімді (күн, мереке және демалыс күндеріне қарамастан, кез-келген уақытта мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы өтініш беру);

Интернет желісі арқылы электронды құрылғыны (компьютер, планшет, ұялы телефон) пайдалана отырып, сізге ыңғайлы кез келген жерден қызмет алу;

Жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;

Кезектердің болмауы;

Жедел ақпараттандыру;

Қолдау қызметтерінің болуы;

Сыбайлас жемқорлықтың болмауы, себебі өтініш беруші қызметті алу үшін тікелей ведомствоға өтініш білдірмейді;

Қызметті алудың белгіленген мерзімі.

Мемлекеттік қызметтерді алу және көрсету тәртібі туралы ақпарат (стандарттар, регламенттер, жадынамалар) Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.kgd.gov.kz.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты 1414, 88000807777 телефондары бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.