Date of publication: 19.11.2019 17:16
Date of changing: 19.11.2019 17:23

Салық заңнамасының өзгерістері бойынша семинар өтті

 

         2019 жылдың 19 қарашасында сағат 10:00 «Атамекен»  ҰКП ғимаратында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен»  ҰКП-мен бірге салық төлеушілерге арналған «Патенттен басқа салық режимдеріне көшу және онлайн БКМ қолдану»  тақырыбында семинар өткізді.

         Негізігі өзгерістер – патенттен басқа салық режиміне көшу және онлайн БКМ қолдану.

         2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке кәсіпкерлердің патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі талаптарды өзгерту бөлігінде салық кодексінің нормалары күшіне енеді.

         Салық кодексімен 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі енгізіледі (32 түрі), оларды жүзеге асыру кезінде патентті қолдану құқығы сақталады.

Қызмет түрі рұқсат етілген тізбеге енгізілмеген салық төлеушілер салық салудың көрсетілген режимдерінің біріне көшуі керек:

-оңайлатылған декларация негізінде немесе тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимі;

-салық салудың жалпы белгіленген тәртібі.

  Қазір патент режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге патенттен басқа салық режимдеріне көшу үшін қазір салық салу режимін таңдау туралы қамқорлық жасау және салық органдарына электронды түрде (салық төлеушінің кабинеті арқылы) немесе қағаз тасығышта қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама жіберу қажет.

Сонымен бірге, мұндай жеке кәсіпкерлер үшін тиісті тіркеу үшін хабарламада салықтың таңдалған режимі көрсетілуі керек, ал себеп ретінде – міндетті түрде күнін көрсете отырып, патентті қолдану шарттарының сақталмауы – 2020 жылдың 1 қаңтары.